KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Бесқарағайдағы су тасқыны: өскемендік ғалымдар көмекке келді

5.04.2019, 10:02 192

Бесқарағайдағы тасқынның қауіпін сейілтуге Өскеменнің ғалымдары да тартылды. Бұл туралы жергілік билік өкілдері мәлімдеді. Анықталғандай,облыстық Д. Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары келіп, арнайы зерттеулер жүргізген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Табиғаттың тосын мінзезі осымен үшінші жыл қатарынан бесқарағайлықтарды әбден әбігерге салды. Әйтсе де жергілікті билік, жағдай толығымен бақылауда деп сендіріп отыр.       

- 2017 жылы Бесқарағай ауылында 7 үйді су алып, адамдар тұрғын үйлерін амалсыз тастауға мәжбүр болды. 2018 жылдың  маусым айында жол карталары әзірленіп, үш шақырымдай ұзындықта бөгет төсеу туралы кеңес берілген еді. Қазіргі уақытта барлық күш суды сорғылау жұмыстарына жұмылдырылды. 5 күннен бері 17 мотопомпа үздіксіз жұмыс істеуде. Барлығы мінсіз өтіп жатыр деуге келмейді. Себебі бастапқыда Абай көшесіндегі екі тұрғын үй, Партизан көшесіндегі бір тұрғын үй зардап шеккен-ді. Ізінше су Комсомол көшесіне де жетті. Қазір екі үй судан тазартылып, үшінші үйде жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар уақытша жатақханаға орналастырылды, - деп атап өтті аудан әкімі Дәулет Батырбаев.

Өңірдің әкімі, сондай-ақ 13 ауылға қызысудың тарағанын айтып шұғыл шаралар қолға алынғанын жеткізді. Көктемгі апатпен күреске облыстық ТЖД-нің және Семей қаласының №2 өрт сөндіру қызметінің жасақтары да тартылыпты. Төтенше ахуалды реттеуге 2 жүк тасушы көлік, 2 экскаватор  және 3 ассенизатор жұмсалған екен.

- Бесқарағай ауданына облыстық ТЖД қосымша 21  адам,  8 мотопомпа  көмекке жіберген болатын.  Бұған дейін аудандық өрт сөндіру бөлімі 5 мотопомпаның көмегімен үздіксіз жұмыс істеді. Бүгінде үш көлдің бойында аталмыш көлдердің тиісті жұмыстар жалғасу үстінде. Құмнан бөгеттер төселіп, судың деңгейін азайту үшін жыра жасалды. Оның ағысы жазық далаға бағытталды. Шамамен 76 мың. Текше метр су сорылып, 645 тонна инертті материалдар жеткізілді. 600 қап шайылған жерлерге төселді, - дейді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Александр Ломыгин.

ШҚО Д. Серикбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Олег Гавриленко және ғылыми қызметкер Андрей Охотенко, қалыптасқан ахуал бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Анығын айтқанда, ғалымдар Бесқарағайдың топографиялық ерекшеліктерін ескере отыра суды еңіс жерлерге бұруға кеңес берді. Жағдайға қаныққан мамандар, алдағы уақытта кешенді зерттеулер жүргізуге бекініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив