KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде қызметтік автокөліктен 13 миллион теңге ұрланды

20.03.2019, 04:21 160

 

Өскеменде қызметтік автокөліктен 13 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Полицияға арызданған 27 жастағы қала тұрғыны өзінің шұжық өнімдерін сатумен айналысатынын айтқан. 13 миллион теңгеден астам қаражатты көлігіне қалдырып, қайтып келгенде орнын сипап қалған екен.

 

– Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Өскемен қаласының 21 жасар тұрғыны ұсталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Қаражаттың негізгі бөлігі – 12 миллион 870 мың теңге иесіне қайтарылды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив