KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Семейдің балабақшаларын Қыдыр аралады

15.03.2019, 10:11 170

Семейдегі балабақшаларды Қыдыр Ата аралап, балаларды жаңа жыл басталуымен құттықтап ақ батасын берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Танымдық іс-шара наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған. Қыдыр Ата балаларға ақ бата беріп, мейрам және салт-дәстүр туралы түсінік береді. Ал балалар болса ұлттық нақышта киініп, би билеп, ән салады, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Назерке Аққожина.

Қыдыр Ата бір күнде екі балабақша барады. Осылайша іс-шара 21 наурызға дейін жалғаспақ.

 

Айта кетейік, қалада наурыз бір апта бойы тойланады. 14-21 наурыз күндері Ертіс жағалауында түрлі мерекелік шара болады. 22 наурызда мейрам 5 жерде тойланады. Негізгі шара орталық алаңда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив