KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Ұландықтар қарсы. Медициналық қалдықтар кешені салына ма?

28.02.2019, 03:28 121

Естеріңізде болса, Ұлан ауданында қалдықтарды өңдеу кешені салынады деген жаңалық тараған еді. Қалдық болғанда тұрмыстық қалдықтар емес, медициналық. Оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер. Алайда ұландықтар бұған қарсылық танытты.

 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жоспары бойынша аталмыш кешен Қасым Қайсенов кентінің шығыс жағына салынбақ екен. Ең жақын елдімекен құрылысы басталатын нысаннан 1200 метрде ғана. Ал медициналық қалдықтардың бұл тұста өртеліп, көмілетіні тұрғындардың денсаулығына зиян келтірмесіне кім кепіл?! Оның үстіне көмілетін зиянды 11 заттың үшеуі 2-ші санатты қауіптілікке жатады екен.


Бұл мәселе жөнінде Қасым Қайсенов кентінде 1 наурыз күні қоғамдық тыңдау өтеді. Ниет білдіріп, қатысам деушілерге есік ашық.

 

Мадина Қайнарова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив