KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО ауылдарындағы дәрігерлер шетелге оқуға жіберіле ме?

16.05.2019, 08:04 145

«Дидар» газеті, «Алтай» телеарнасы және «Алтайньюс» ақпараттық сайтының тілшілері облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанмен ашық әңгіме жүргізді. Бағдарлама қонағы аймақ медицинасы мен дәрігерлердің жағдайына қатысты және мамандардың еңбекақысы мен шеберлігіне байланысты , өзі айтқандай, тілшілер қойған «ыңғайсыз» сұрақтарға жауап берді.

Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Дәурен Аллабергенұлы:

Қалалардағы дәрігерлерді шет елдерге жіберіп, біліктілігін арттыру жақсы жолға қойылған. Нәтижесін көріп жатырмыз. Ал енді дәл осы мәселе ауылдағы дәрігерлерге қатысты қалай шешіліп жатыр?

– Дәрігерлерді дайындау бағдарламасы үш деңгейлі болып келеді. Бірінші деңгейде еліміздегі университеттер мен жетекші ғылыми орталықтарда нейрохирург, кардиохирург сынды алғашқы көмек көрсететін емхана мамандарын оқытамыз. Екіншіде теориядан тәжірибеге көшеміз. Қызметкерлерімізді тәжірибелі мамандардың шеберлік кластарына қатыстырамыз. Ал үшінші деңгейде ауылдағы, қаладағы дәрігерлерді шет елдерге жіберіп оқытамыз. Соңғы кездері дәрігерлермен бірге медбикелерді де шетелге жіберіп дайындау ісі жолға қойылды. Оның үлкен маңызы бар. Адамды емдеуге дәрігердің жалғыз өзінің күші жеткіліксіз екені анық. Операция жасалған соң оған кім қарайды? Сырқаттың дәрісін қалдырмай беріп, уақытылы қадағалайтын жан бар ма? Бар. Ол – осы медбике. Медбикелер шетелдегі ахуалды өз көзімен көріп, ой қорытып, білігін арттырып келуі тиіс. Сонда науқаспен жақсы қарым-қатынас жасай алады.

-Облыстық «Алтайньюс» ақпараттық порталының тілшісі Тасқын Болатұлы:

Қасым Қайсенов кенті маңына салынады деген медициналық қалдықтар кешені халық наразылығымен тоқтатылды. Мұндай кешеннің адам денсаулығына келтірер зияны бар ма? Қазір медициналық қалдықтар қайда жөнелтіліп жатыр?

– Медициналық қалдықтар адам денсаулығына келтірер зиянына байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Әр аурухана қалдықтарды жоятын мекемемен келісімшартқа отыруға тиіс. Ол мекемлер содан соң қалдықтарды арнайы пештерде өртейді. Ал енді оның жақсылап жойылу-жойылмауы осы мекеме басшылығы мен қызметкерлерінің бойдағы ұятына байланысты. Былтыр, мәселен, қалдықты ашық алаңға төге сап кетіп қалған жағдайлар да кездескен. Ал Қасым Қайсеновтегі кешенді салуды мердігердің өзі тоқтатты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив