KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Медициналық қалдықтарды өртейтін кешен Ұлан ауданына салынатын болды

15.02.2019, 07:52 142

ШҚО-ның Ұлан ауданына медициналық қалдықтарды өртейтін кешен салу жоспарлануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайты мәлімдеді.


Мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер мен өзге де қалдықтарды өртейтін кешен жоспар бойынша Қасым Қайсенов кентінің шығысына қарай орналасады. Шамамен тұрғын үйлерден 1200 метр қашықтықта.


«Кешен қызметтің негізгі түрі — медициналық қалдықтарды, соның ішінде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер мен қатты тұрмыстық қалдықтар палигонына көмілетін дәрі-дәрмектерді өртеу болып табылады», – делінген жобалық құжатта.


1 наурыз күні 11.00-де Қасым Қайсенов кенті (Ұлан ауданы), Нұржау көшесі, 16/2 мекенжайында кешенді салу бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив