«Қызыл ту» мұз өткелімен жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады
«Қызыл ту» өткеліндегі мұз жолымен жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
11 қаңтар күні «Қызыл ту» өткеліндегі мұз арқылы өтетін жол жабылған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтар күні әлеуметтік желіде трактордың мұз ойылып, суға кетіп қалған видеосы пайда болған еді. Артынша өткелдегі мұз арқылы өтетін жол бірден жабылды.
"Облшығысжол" ЖШС ақпаратына сүйенсек, еріген қар суы мұз бетіне шығып кетуіне байланысты өткелді сол күні оқыс оқиғаға дейін жабу керек болған. Десе де, бірнеше жеңіл көлік кептеліп қалғандықтан тракторды көмекке жіберген.
Бірақ, болған оқыс оқиға мен ескертулерге қарамастан 12 қаңтар күні жүргізушілері мұз жолы арқылы тағы өтуге тырысқан көрінеді. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.