Шетелдік көлікті заңдастырмағандарға қандай жаза қолданылады?
Фото: kolesa.kz
Ертең елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады.
Көліктерді заңдастыру процессі биыл 23 қаңтарда басталып 1 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын автобустар, шағын жүк көліктер, оң жақ рульді автокөліктерді заңдастырудағы талаптар мен заңдастыруға жатпайтын көліктер туралы бұған дейін жазған едік.
Шетелдік автомобильді тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
Бүгінгі таңда шетелдік көліктердің көбіі сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр екен.
1 шілдеге дейін заңдастырылмаған көліктердің сақтандыру полисі тоқтатылады, ал көлік коммуналдық автотұраққа қойылатын болады.