KZ
Өскемен
-4°
снег жел 3 м/с, Ю
505.53 593.44 6.34

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

22.02.2023, 18:50 1 050 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

Бұл лауазымға Сапанов Дархан Бақытжанұлы тағайындалып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дархан Сапанов 1985 жылы 2 қаңтарда ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (инженер-жылу энергетигі)және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін ( менеджер) бітірген.

2007 жылдан бастап ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан - "Астанаэнергосбыт" ЖШС инженері, энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы.

2009 жылдан – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2020 жылдың қараша айынан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу