KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Алаяқтар KASE биржасының жалған сайтын жасап жатыр

шартты сурет

6.04.2023, 11:08 322 Оразай Жеңісұлы

Алаяқтар KASE Қазақстан қор биржасының жалған веб-сайтын жасап, брокерлердің атынан ақшаларын тиімді инвестициялауды ұсынып жатыр.

KASE баспасөз қызметінің мәліметінше, олар өз жарнамаларында KASE логотипін немесе KASE қызметкерлерінің фотосуреттерін пайдаланып, жалған сайттар құрған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Жақында желіде пайда болған жалған сайт: http://kasekz2022.tilda.ws

Ал KASE-нің ресми сайты: https://kase.kz.

«Биржа азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің қулықтарына түспеуге шақырады. KASE ресми түрде Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алу үшін жеке немесе заңды тұлғаларға ешқашан өз қызметтерін ұсынбайтынын мәлімдейді», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы болып табылады және тек қаржы ұйымдарымен (банктермен және брокерлік ұйымдармен) тікелей өзара іс-қимыл жасайды, оларға Биржаның сауда-саттық жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Биржаның сауда-саттық жүйесіне тікелей қосыла алатын және онда мәмілелер жасай алатын ұйымдар – Биржаның мүшелері.

«Брокерлік ұйымдармен байланыста болған кезде абай болыңыз. Олар жеке инвесторларға қызмет көрсетеді және жеке клиенттердің атынан Биржаның сауда-саттық жүйесінде операциялар жасай алатын брокерлік ұйымдар. Бұл жағдайда алаяқтар көбінесе осындай ұйымдардың атынан әрекет етеді», делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу