Доллар 1 теңгеге арзандады
Сурет: kapital.kz
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
KASE деректеріне сүйенсек, күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,10 теңгеге төмендеп, 446,65 теңге болды. Ұлттық банктің 7 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 447,71 теңге еді.
Қор биржасының ақпараты бойынша, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,14 теңгеден сатып алынып, 449,24 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 445,50 теңге, сату – 449,00 теңге.