KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Катонқарағай ауданында орман өртенді

18.06.2023, 09:15 240 Ләззат Қанатқызы

17 маусым күні Катонқарағай ауданында, "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында (Өскемен орманшылығы) жету қиын таулы жерлерде өрт шықты.

Алдын ала дерек бойынша, тілсіз жау шарпыған аймақ 15 гектарды құрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Қызыл жалынды ауыздықтауға "Қазавиақорғанның" қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, жеке құрамнан барлығы 111 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылған, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Отпен күресуге қатысқандардың барлығы оқиға орнына тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев пен оның орынбасарлары қазір Риддер қаласынан 80 шақырым жерде өрт шыққан жерде, ондағы өрт қазіргі таңда оқшауланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив