Рекордтық көрсеткіш: 1 айда 2,5 млн қазақстандық несие алған
Фото: kapital.kz
Бір айда 2,5 млн қазақстандық несие алған. Бұл туралы Data Hub сараптамалық арнасы жазды.
Маусым айына жасалған сараптама бойынша, 2,5 млн қазақстандық банктен 1,2 трлн теңге қарыз алған. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.
Сонымен қатар елімізде кепілсіз тұтынушылық кредит пен автонесие алушылар көбейген. Тұтынушылық кредит берешегі – 800 млрд теңге болса, автонесие көлемі 130 млрд теңгеге жеткен.
Оқи отырыңыз