Доллар қаншаға саудаланып жатыр?
Фото: kapital.kz
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 – 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446 – 450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр.
8 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған. Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,65 - 4,75 теңгеден сатылуда.