KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Доллар 443-447 теңгеге саудаланып жатыр

Фото: kapital.kz

24.07.2023, 09:30 145 Оразай Жеңісұлы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 - 447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр. 21 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,90 теңгеге қымбаттап, 444,88 теңге болған.

Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,92 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив