KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 8 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да ауыл әкімі тікелей сайланады

Фото: abai.kz

18.08.2023, 14:30 211 Оразай Жеңісұлы

Қыркүйек айында Алтай ауданындағы Парыгин ауылдық округінің әкімі тікелей сайланады.

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы уақытқа дейін округ әкімі Нұргүл Бақынова болған еді. Қыркүйектің бірінші жексенбісінде ауыл тұрғындары жаңа басшы сайлауы тиіс. Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы үш кандидат тіркелгенін мәлімдеді. Үшеуі де Алтай қаласының тұрғыны. Екі үміткер –  мемлекеттік қызметші.

Өз-өзін ұсынғандар: Динара Калидульдинова – Алтай ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы, Дмитрий Козлов – аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы. «AMANAT» партиясынан «Терезе» ЖШС-нің учаске басшысы Ғани Төлеков ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу