ШҚО-да 27 мыңнан астам оқушы кешенді жаттығуға қатысты
Облыс орталығының мектептерінде кезекті кешенді оқу-жаттығу өтті. Бұл жолы жаттығу - радиоактивті зақымдану және күшті әсер ететін улы заттардың ауаға тараған жағдайда мектептер оқушыларын қауіпсіз ауданға эвакуациялауға бағытталған.
Аталмыш шара қаладағы 50-ге жуық мектептің оқушылар пен 16 колледждің студенттерін қамтыды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқушылар мен студенттер бірлесіп "Баршаның назарына!" сигналдық белгісін естігеннен кейін, мұғалімдерімен бірлесіп тыныс алу органдарын қорғау құралдарын киіп, белгілі бір маршрут бойынша апат аймағынан кетуі керек болған.
Жаттығу барысында тактикалық сабақтар өткізіліп, құтқарушылар өрт сөндіру, кинологтардың қатысуымен іздеу жұмыстарын жүргізу, үйінділердің астында қалған, зардап шеккендерді шығару бойынша іс-қимылдарын көрсетті.