KZ
Өскемен
+17°
гроза жел 7 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Өскеменнің мектептерінде қауіп-қатер туралы сигнал берілді

30.09.2019, 15:55 191

Қаланың мектептерінде бір уақытта қауіп-қатер дабылы берілді. Бұл күні оқушылар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері ауаға улы заттар таралған жағдайда эвакуациялануға жаттықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – мектептерді техногендік апат туындаған жағдайларға дайындау.

Мектептерге Төтенше жағдай бойынша басқармадан оқу-жаттығу сигналы келіп түскен. Онда ауаға өте улы заттардың ауаға таралғаны жайлы көрсетілген. «Мұндай жағдайда не істеу керек?» деген сұраққа оқушылар оқу-жаттығу барысында жауап алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу