KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

29.10.2023, 09:47 142 Оразай Жеңісұлы
Қарағанды ​​облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Костенко атындағы шахтада өрт салдарынан қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетіледі, деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.
Қаза тапқандардың отбасыларына қандай қолдау шаралары көрсетіледі
компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;
моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;
асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;
қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;
жерлеуге байланысты барлық шығынды өтеу;
қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;
23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;
қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдама беру;
үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.
Көз жұмған кеншілердің отбасыларына көмек көрсету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында болады.
29 қазан сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Костенко атындағы шахтада 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив