Өскеменде волейбол жарысы өтті
Облыс орталығындағы жекпе-жек сарайында Самар ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Доп додасына Өскемен мен Риддер қаласынан және аудандардан келген – жалпы саны 8 команда қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Самар ауданының спорт саласында тың серпін бар деуге болады. Мұның бір айғағы – бүгінгі бәсеке. Аудан атынан қос команда сынға түседі. Өзге командалар да талай дода бақ сынап жүрген тәжірибелі топтар. «Кіл жүйрікте кім жүйрік» дегендей, бүгін мықтыны анықтаймыз, – деді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Алмас Нұрғалиев.
Самар ауданының бірінші командасы шын мәнінде тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетіп, кубокке қол созды. Ал Риддер қаласының командасы екінші жүлдеге иелік етті. Тарбағатай үшін орынға табан тіреді.