Қазақстанда некеде тұрған қанша отбасы бар?
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықтың көші-қоны, неке және отбасы бойынша кезекті жинақтарды шығарды.
Некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылы 6,6 миллион болған. 2021 жылы 8,2 миллион болып өскен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың 60,9% некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтардың саны 8,2 млн адамды құрады. Оның ішінде 9% – қайта неке құрғандар. Жалпы халықтың 28% – ешқашан үйленбеген, 5,3% – жесір, ал қалған 5,8% – ажырасқандар.
Ішкі көші-қон көлемі 2009 жылы 2,3 млн адамнан 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды. Қазақстандықтар Алматы қаласына (357,9 мың адам), Алматы облысына (286,1 мың адам) және Астана қаласына (283,5 мың адам) көп қоныс аударған.