KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Елімізде қызылшаға байланысты карантин енгізіле ме?

Фото: naryntany.kz

28.11.2023, 14:08 145 Ләззат Қанатқызы

Қазір Қазақстанның барлық аймағында қызылша өршіп тұр. Десе де, елді карантин режимі енгізілмейді.

Қызылша - вакцинамен басқаруға болатын инфекция. Сондықтан бүгінге дейін ешқандай шектеу шаралары енгізілмеген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Біз жағдайды ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Қандай да бір ұйымдасқан ұжымда сырқаттану деңгейі жоғары екенін, екпе алмаған балалардың саны шекті мөлшерден асып кеткенін анықтасақ, тура сол нысанда шара қолданылады. Ол мектепке дейінгі білім беру нысаны, орта мектеп немесе жоғары оқу орны болуы мүмкін, - деді Зәуре Ахметова.

Қызылша қазір негізінен балалар арасында тарап жатыр. Халық жаппай жұқтырып, әсері экономикалық-әлеуметтік ахуалға әсер еткен кезде ғана эпидемия жарияланады. Осындай жағдайда ғана шектеу шаралары қолданылып, бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив