Елімізде еріктілерді сақтандыру жүйесі енгізіледі
sergpos.msr.mosreg.ru
Заңнамаға төтенше жағдайларды жоюға қатысатын еріктілерді сақтандыруға қатысты өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Хабар 24 арнасына сілтеме жасап
Қазіргі жоспар бойынша, еріктілер алдымен оқыту курстарынан өтеді. Соның нәтижесінде арнайы куәлік алады. Одан кейін төтенше жағдайлар министрлігіне тіркеуге тұрады. Осылайша, мемлекет тарапынан тиісті сақтандыру алуға мүмкіндік болады.
Ұлттық волонтерлік желі төтенше жағдайлар министрлігімен меморандум да рәсімдеп үлгерді. Тура сондай ынтымақтастық денсаулық және ішкі істер органдарымен де жасалады. Әрбір ведомство өзінің еріктілер базасын жүргізеді.
Айта кетейік, Қазақстанда еріктілердің жалпы саны 240 мың адамнан асады.