Бүгін Семейде еріктілер күні аталып өтті
Бүгін Семейде еріктілер күні аталып өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
5 желтоқсан - Еріктілер күні. Осыған байланысты қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Исток» ҚБ және қалалық достық үйінің ұйымдастыруымен «Еріктілер слеті» өтті. Слеттің мақсаты- әлеуметтік маңызы бар жобаларда волонтерлік бірлестіктердің атқарар рөлін көрсету. Аталмыш шараға Семей қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары, «Лига добра» ҚҚ жетекшісі және «Ішкі саясат бөлімі» қатысты. Кеш барысында үздік еріктілер тобы марапатталды.