KZ
Өскемен
-31°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

«Болашақ» бағдарламасы: 271 азамат стипендия иегері атанды

pixabay.com

Кеше, 17:00 87 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

Стипендия иегерлерінің 136-сы магистратурада, 8-і докторантурада оқуға мүмкіндік алса, 127 азамат әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге жолдама алды.

Комиссия отырысында басымдық берілген мамандықтарға ерекше назар аударылды. Стипендия иегерлерінің 65%-ы жаратылыстану-техникалық, ал 35%-ы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіретін болады. Бұл инженерлік-техникалық мамандықтарға деген сұраныстың өсуін көрсетеді.

Ерлан Қарин биыл тағылымдамадан өтуге өтініштер саны екі есе, ал инженерлік-техникалық мамандықтарға өтініштер саны алты есе артқанын атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының инженерлік-техникалық білімді дамыту бастамасының өзектілігін және қоғам қажеттіліктеріне сай екенін дәлелдейді.

«Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның болашағы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етіп, халықаралық деңгейдегі білім мен тәжірибені ел игілігіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу