KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Өскемендегі мейрамханалардың бірінде өрт шықты

ШҚО ТЖД

10.02.2024, 12:30 173 Назерке Каримова

Өскеменнің өрт сөндірушілері  қазір тілсіз жаумен күресуде.

Қазақстан көшесінде мейрамхананың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, құтқарушылар келген кезде ғимаратта ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге барлығы 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 22 адамы тартылған.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Ақау болса, уақтылы жою қажет. Объектіде жұмысқа жарамды өрт дабылы және өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Эвакуация  жолдарын бос ұстап, электр желісін шамадан тыс жүктеуге болмайды.

Өрт болған кезде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив