Өскемендегі Малдыбаев көшесінде жол апаты болды
ШҚО ТЖД
Құтқарушылар жеңіл көлік ішінен жолаушыны алып шықты.
Зардап шеккен адам дереу жедел жәрдемге табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Малдыбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Мамандандырылған бөлім қызметкерлері Шевроле Кобальт көлігінде қыстырылып қалған жолаушыны шығарып алып, жедел жәрдемге табыстады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар көктайғақ және дауылды күндері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлау қажет.
Оқи отырыңыз