Жас журналистерге баспалдақ болған басылым
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жанынан ашылған «Жас жігер» ақпаратты-танымдық газетінің 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Газеттің мерейтойына университет түлектері мен ұстаздар қауымы қатысты. Шара барысында газетте бұрын жұмыс істеген университет түлектері естеліктерін айтып, басылымның болашағының баянды болуын тіледі.
Он жыл уақыт аралығында газет мектебінен өткен қаншама түлектер, бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде абыроймен қызмет атқарып жатыр. Шара қонағы ретінде қазіргі таңда «Аманат» партиясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі болып жүрген Тәттімбек Асханұлы, облыстық «Менің өлкем» газетінің бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев пен шығарушы редакторы Әділхан Есімханов сынды белгілі түлектер қатысты.
Мерекелік шара соңында «Оқыту сипатындағы «Жас жігер» ақпаратты-танымдық қолжазба газетінің тарихи жолы» әдістемелік кітабының тұсауы кесілді.
Мархабат Жұмағұлова