KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Дағдарыс-менеджер феномені: Астанада конференция өтіп жатыр

16.02.2024, 12:43 210 Оразай Жеңісұлы

Елорда төрінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы: дағдарыс-менеджер феномені» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Белгілі саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Шығыс өңірінің тізгінін ұстаған тұста бірегей бастамалар жүзеге асқан еді. Атап айтқанда, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі», «Туған жерге – тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» сынды ілкімді жобалар ел игілігіне жарап, аймақтың мәдениеті мен руханиятына тың серпін берді. Ғылыми конференцияға қатысушылар қайраткер тұлғаның көзі тірісінде елі үшін атқарған елеулі істерін еске алып, жылы естеліктер айтты.

– Шығыстың бас шаһарында ұлы Абай ескерткішін ашарда, алабұртқан топтың санасын сабасына түсіргені есімде. Тіл тағдыры таразыға түскен тұста Бекеңнің ұшқыр да, нақты шешім қабылдағаны есімде. Міне, осындай тарихи мәні зор мәселелер Бекеңнің ой-қуатының, азаттық ерлігінің арқасында шешілгенін ұмытпауымыз керек, – деді жиында сөз сөйлеген халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

Конференция аясында «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесер рәсімі болатынын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу