Өскемендегі студенттік жатақханада жарылған жылыту жүйесінің салдары жойылуда
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханасының бірінші ғимаратында бүгін түнде бөлмелердің бірінде жылу батареясы жарылып, салдарынан төрт қабаттағы сегіз бөлмені ыстық су басып қалды. Студенттер заттарын шығарып үлгерді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Кеше сағат 23.00-де жылу энергиясын берудің күрт артуына байланысты бесінші қабаттағы бөлменің бір батареясы жарылды. Шаралар дер кезінде қабылданып, мәселе шешілді. Студенттерді басқа бөлмелерге көшірдік. Олар енді тұру үшін басқа корпустарды таңдай алады. Көшу үшін оларға көлік пен басқа да көмек көрсетіледі, - деді университеттің бірінші проректоры Нұрбек Сапарқожаев.
Ол сондай-ақ студенттер басқа бөлмелерге жайғасып, түскі аспен қамтылғанын айтты. Ал бүлінген бөлмелерде жақын арада күрделі жөндеу жүргізіледі.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз