KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
503.15 543.3 5.93

Жаңа Бұқтырма кентінде көппәтерлі үйлерге жылу беріле бастады

25.01.2024, 16:38 151

Жаңа Бұқтырма кентінің коммуналдық қызметкерлері жарылған жылу құбырын шұғыл жөндеп, тұрғындардың пәтерлеріне жылу беруді қалпына келтірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 
- Жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу қайта қосылды, - деді Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Нұржан Қанапин.
 

Ол сондай-ақ жылуды уақытша өшіру кезінде бірнеше үйдің жылу жағдайын аралап көргендігін айтты.

- Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындардың пәтерлеріндегі барлық жылу батареялары ыстық болды, температура өзгерген жоқ, - деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12.00-де Жаңа Бұқтырма кентіндегі алты көппәтерлі тұрғын үй жылу құбырының жарылуына байланысты жылыту жүйесінен уақытша ажыратылған болатын. 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу