Семейде жасөспірімді аңдыған қылмыскер полицияны пышақтаған (видео)
Абай облысты0 ПД
13 жасар қыз бала өзінің артынан қуған азаматтан дүкендердің бірінде тығылған.
Күдіктінің қолында пышақ болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Абай облыстық ПД ақпаратына сүйеніп.
Жасөспірімге көмекке келген полиция қызметкерлерінің бірін қылмыскер пышақпен жарақаттаған.
Полиция супермаркеттің жанында жүрген күдікті адамды байқап, мән-жайды анықтауға тырысқан. Қолына пышақ ұстаған ол тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан.
Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанында күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысты, бірақ жігіт қолында пышақ ұстап, тәртіп сақшыларына жүгіре бастады.
Қосымша көмекке патрульдік полиция экипажы келген.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.