Өскеменде сауда орталығының жанында жасөспірімді пышақтап кетті
Фото: el.kz
Өскемендегі сауда орталығының жанында 16 жастағы жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«6 ақпанда сауда-ойын сауық кешені жанында облыстың екі тұрғыны арасында жанжал болып, салдарынан қатысушылардың бірі дене жарақатын алды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
- Оң жақ кеуде тұсына пышақ жарақатын алған 16 жастағы жасөспірім Ана мен бала орталығына жатқызылды. Қазір ол хирургия бөлімшесінде емделуде, жағдайы тұрақты, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз