KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 2 м/с, Ю
439.43 473.31 4.82

Бүгіннен бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енді

pixabay.com

2.03.2024, 20:15 68 Назерке Каримова

Блогерлер әлеуметтік желілерге орналастыратын жарнама материалдарын таңбалауға тиіс.

Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Онлайн жарнаманы таңбалау ережесі 2 наурыздан бастап күшіне енді.

Ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн жарнаманы таңбалауға тиіс. Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек: «жарнама», «жарнамалық материал», «серіктестік материал», «демеушілік материал», «жарнама құқығында»,«демеушімен төленген», «PR құқығында».

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы арнайы белгілеудің қажеті жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив