Блогерлерге қатысты ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді
Фото: proforientator.ru
Бүгінгі таңда жұрт блогерлікпен айналысатындардың пайдасын да, зиянын да көріп келеді. Интернет әлемінде әртүрлі жарнама жасайтындардың қатары көп.
Бұл жағдайды бірізділікке салу мақсатында 2023 жылғы 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталмыш заң биылғы 2 наурыздап бастап күшіне енеді. Енді блогерлер коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалайтын болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бұдан былай блогерлер жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек:
– «жарнама»;
– «жарнамалық материал»;
– «серіктестік материал»;
– «демеушілік материал»;
– «жарнама құқығында»;
– «демеушімен төленген»;
– «PR құқығында»;
Әлеуметтік жарнаманы және жедел хабар алмасу қызметтерінде орналастырылатын жарнаманы белгілеудің қажеті жоқ.