KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да #AltaiPhotoLife" фотобайқауы жарияланды

http://br.katonkaragai.kz/

3.03.2024, 11:00 246 Назерке Каримова

Облыстық фотобайқауды «Катонқарағай МҰТП» РММ ұйымдастырады.

Фотобайқауға Алтайдың тұмса табиғаты, флорасы мен фаунасынан сыр шертетін суреттер қабылданады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыстар наурыз-қазан аралығында қабылданып, байқау нәтижесі желтоқсанда шығады деп жоспарлануда.

- #AltaiPhotoLife" фотобайқауы қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясын насихаттау, адам мен табиғаттың өзара іс-қимыл мәселелеріне қоғамдық назар аудару, табиғи әртүрлілікті сақтау, табиғатты, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) сақтауға бағытталған іс-шараларды қолдау мақсатында өткізіледі. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының әкімшілік шекаралары шегінде алынуы тиіс, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.


Фотобайқауға 7 жастан асқан әуесқой фотографтар мен кәсіпқойлар қатыса алады.

Фотобайқау ережесі мен толық ақпарат  http://www.br.katonkaragai.kz/ сайтында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив