KZ
Өскемен
-11°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Өскемендік өрт сөндіруші жетінші рет әке атанды

ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД
3.03.2024, 19:00 617 Назерке Каримова

Қаладағы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Айдар Бөлекбаевтың отбасы толығып, жетінші перзенті туылды.

6 ұлдан кейін көптен күткен Асылжан дүниеге келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Айдар өрт сөндіру қызметінде 18 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Ол Күршімдегі, Алтай ауданындағы орман өрттерін сөндіруге қатысқан, оның ең ірісі 2023 жылғы Абай облысындағы табиғи өрт, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Айдар Бөлекбаев пен жұбайы Аяулым екеуі баршаға көпбалалы отбасы бақытын сезінуді тілейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу