Марқакөлде «Старт-Профи –Шығыс» стенд-мобы өтті
Марқакөл ауылындағы «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» облыстық «Старт-Профи-Шығыс» стенд-мобын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - мектеп оқушылары мен жұмыссыз жастар арасында өз мүмкіндіктеріне сәйкес қызмет саласын еркін таңдауға жол ашу. «Старт-Профи-Шығыс» стенд-мобына 88 оқушы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Бұл шараға Шығыс Қазақстан облысындағы колледждер мен университет өкілдері мен аудан оқушылары қатысты. Шараға екі мектептен барлығы 88 оқушы қамтысты. Стенд-моб өткізудегі негізгі мақсат идеологиялық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және мектеп оқушылары мен жұмыссыз жастар арасында өз мүмкіндіктеріне сәйкес қызмет саласын еркін таңдау жағдайында өзін-өзі анықтауды дамыту, – деп мәлімдеді Марқакөл ауданы әкімдігі.
Әркез осылай жастарға бағыт-бағдар беріліп отырса, олар мүмкіндікті кәдеге жарата білері анық. Әсіресе жаңадан құрылып жатқан Марқакқл ауданы үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор.
Оқи отырыңыз