KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Болгарияда «Ұлы дала әйелдері» фотокөрмесі ашылды

ҚР СІМ
ҚР СІМ
9.03.2024, 18:10 127 Назерке Каримова

Фотокөрмеге келгендер Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Фотокөрме 20 наурызына дейін ашық болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР СІМ ақпаратына сүйеніп.

Қонақтардың назарына тарихтың әртүрлі кезеңдерінде елдегі мәдениет, өнер, ғылым, саясат және спорттың дамуына үлес қосқан қазақ халқының көрнекті әйелдерінің суреттері ұсынылды.

Қазақстанның Болгариядағы елшілігінің бастамасымен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында «Ұлы дала әйелдері» фотокөрмесі ашылды. Іс-шараға Халық жиналысы депутаттары, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмені аша отырып, елші Виктор Темірбаев әйелдердің мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы, оның ішінде Қазақстанның саяси жүйесінде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар мен қайта құрулар контекстіндегі баға жетпес рөлін атап өтті.

Қазақстандық дипломат жиналған қонақтарды әйелдердің экономикаға, саясатқа, қоғамдық қызметке қатысуын кеңейту жөніндегі мемлекетіміздің жүйелі шараларымен таныстырды. Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен парламенттік сайлауда саяси партиялар кандидаттарының тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30%-дық квота енгізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде, «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасының директоры Красимира Александрова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстан әйелдерінің дамыған мемлекет құруға қосқан баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз әлемдік аренадағы мемлекеттің жауапты мінез-құлқының үлгісін көрсетуде.

Сонымен қатар, фотокөрменің ашылу салтанатына қатысқан дипломатиялық корпустың дуайені, Марокко Елшісі Закия Ел Мидауи және Швейцария Елшісі Раймунд Фурер Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Елшіліктің осы іс-шараны ұйымдастыру жөніндегі бастамасының дәлдігі мен уақтылылығын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив