KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

ЖОО-да «Әскери дирижер» мамандығын алуға болады

11.03.2024, 10:45 109 Айжанат Бақытқызы

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты «Әскери істе дирижерлық ету» мамандығы бойынша офицерлік кадрлар даярланатындығын жариялады. Шығармашылық мамандықты оқыту Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша төрт жылдық оқудың артықшылығы - бакалавр академиялық дәрежесін бере отырып, әскери және азаматтық жоғары оқу орындарынан екі диплом алады.

- Бұл еңбек нарығындағы бірегей және тиімді ұсыныс. Өйткені, түлектеріміз әскери және музыкалық мамандық алып шығады, - деп түсіндірді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы, полковник Қайрат Даутов.

Оқу кезеңінде курсанттар толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Ал оқуды аяқтағаннан кейін барлық түлектер жұмыспен қамтылады.

 

                                                                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив