KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде көлік жарық бағанына соғылды: зардап шеккендер бар

Сурет: ШҚО Полиция департаменті

11.03.2024, 11:17 106 Айжанат Бақытқызы

Жол апаты кеше түнде Сәтбаев даңғылында болды. Жарақат алған жүргізуші мен жолаушы қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Mercedes Benz» маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі қозғалыс жылдамдығын асырып, рульді басқара алмай электр жарығы бағанасына соғылған.

«Көлік құралының жүргізушісі мен жолаушысы дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Аталған іс бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - деп түсіндірді ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілердің автомобильдерге, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға зақым келтіре отырып, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 20 АЕК (73 мың 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив