KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

"Көк туды желбіретсем..." ШҚО спортшысы Париж Олимпиадасына барады

18.03.2024, 11:05 82 Айжанат Бақытқызы

Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта таеквондодан олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Өскеменге олжалы оралған спортшыны бүгін әуежайдан туыстары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдағы Тайань қаласында өтті. Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясын жеңіп алу үшін бұл дүбірлі бәсекеге 34 елден 95 спортшы қатысты. Батырхан алдымен Үндістаннан келген, содан кейін Сауд Арабиясынан келген қарсыласын жеңіп, лицензияға ие болды.

– Қарсыластарым мықты болды, бірақ менің де дайындығым осал емес. Шаршы алаңға шықтым да күштірек екенімді дәлелдедім. Әрине, қателіктер де болды. Енді сол олқылықтардың орнын толтыруға күш саламын, жаттығамын. Алдағы жарыста үздік спортшыларды жеңіп, Қазақстанның көк туын желбіретуге бар күшімді саламын, - деді Батырхан Төлеуғали.

Батырханның алдында төрт ай бойы күшейтілген жаттығулар тұр.

– Осы уақыт ішінде біз Олимпиадаға дайындалып, басқа елдердің спортшыларымен кездесіп, халықаралық турнирлерге қатысып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деді ШҚО таэквондо федерациясының басшысы, аға жаттықтырушы Мерхат Болатханов.

Шығыс Қазақстанда Париж Олимпиадасына жолдама алуға тағы бірнеше үміткер бар.

- «Бақыт тыныштықты жақсы көреді» дегендей, әзірге егжей-тегжейі жұмбақ болып қалсын. Спортшыларымызға тек сәттілік пен жоғары нәтиже тілеймін! – деді ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Кусумбаев.


Фото: Анна Степанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив