ШҚУ студенттері этно-трендке ден қойды
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ұлттық киім ұлықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ЖОО ұжымы мен студенттердің сәнді, қанық түсті киімі, әшекей бұйымдары көздің жауын алады.
Ұлттық киім күнін тойлау кезінде университет ән мен жырға толды. Студент домбыр шертіп, әйгілі «Қара жорға» биін биледі. Қонақтарға дәмі тіл үйіретін бауырсақ пен құрт, сүт қатқан шай ұсынылды. Ал, магистрант Айжан Үмбетова эко-ұлттық бұйымдар авторлық стартап жобасын көрермен назарына ұсынды.
Қазір заманауи үлгіге бейімделген ұлттық киім киіп жүрген жастарды жиі кездестіруге болады. Бұл этно-трендтің дәстүр мен жаңа заман тарихымен астасуына ықпал етері сөзсіз.