ШҚО-да құтқарушылар ұлттық киім киді
Бүгін, 18 наурызда елімізде «Ұлттық киім күні» аталып өтуде.
Бұл айтулы дата аясындағы іс-шаралардан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да тыс қалмай, жұмыс орындарына қазақтың ұлттық киімдерін киіп келді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, құтқарушылар, диспетчерлер, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері, кадр қызметінің мамандары мен мемлекеттік өрт бақылау инспекторы жұмысқа шапан, бешпет, қамзол сияқты ұлттық ою-өрнектермен нақышталған киімдермен келіп, өзіне де, өзгеге де мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сол сияқты, қыз-келіншектер көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар тағып, көпшіліктің ықыласына бөленді.