KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен зардап шеккен қазақстандықтар жайлы ақпарат жоқ

Агентство «Москва»

23.03.2024, 11:00 135 Назерке Каримова

Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz KAZINFORM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста екенін жеткізді.

- Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды, - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Осы орайда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәскеу облысында білім алып жатқан студенттер де дін аман екенін жеткізді.

- Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты, - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив