KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Биыл А гепатитімен ауырғандар саны артқан

freepik.com

24.03.2024, 19:00 124 Назерке Каримова

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады. Вирустан вакцинация қорғайды. Екі жастағы балалар мен инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар екпе алуы керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив