Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 6 алтын алды
instagram/boxingkazakhstan
Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды меншіктеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының ақпаратына сүйеніп.
Қазақстан құрамасы Каунасқа 11 боксшымен барған. Бәрі де елге жүлделі оралды. Тоғыз боксшы финалда айқасып, алтауы алтынға қол жеткізді.
Жүлдегерлер:
57 келі: Асылжан Серікбай
63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Фарух Тоқтасынов
75 келі: Азамат Бектас
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
Сондай-ақ, Ұйымдастыру комитеті турнирдің үздік ойыншысын да анықтады. Бұл номинацияда да Қазақстан құрамасының еншісіне жазылып, алматылық Фарух Тоқтасынов турнир үздігі деп танылды.