Көлік министрі ҚХР СУАР басшылығымен кездесті
ҚР Көлік министрлігі
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевт Қытайға жұмыс сапарымен барды.
Іссапар аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ҚКП хатшысы Ма Синжуеммен ҚР мен ҚХР үшін алғашқы маңызды кездесу өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан аумағында осы өңірлер арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін көптеген автожолдар мен темір жолдар өтеді.
Келіссөздер барысында қосымша шекаралық өткізу пункттерін ашу, екі елдің көлік компаниялары арасындағы жүйелі жұмысты күшейту, сондай-ақ халықаралық сауданы жеңілдету жолымен өзара іс-қимылды бірлесіп кеңейту бойынша бірқатар түйінді мәселелер әзірленді.