ШҚО-да жүк тиелген вагондар тағаннан тайып кетті
фото: pixabay.com
Алтай ауданындағы Серебрянскі қаласынан облыс орталығына беталған жүк пойызының он екі вагоны рельстен шығып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға жолдың 35-ші шақырымында, Ұлан ауданының аумағында болған. Зардап шеккендер жоқ, тек бүгін Өскемен 1- Алтай пойызы жолға шықпайды.
«Вагондардың рельстан шығып кетуіне байланысты 29 наурызда Өскемен 1-Алтай бағытындағы 641/642 пойыз қозғалысы тоқтайды», - деп мәлімдеді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 39 жұмысшы мен бір арнайы техника жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бір техникамен жолға шықты.
Оқи отырыңыз