KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Тіл – ұлттық құндылықтың тірегі

фото: dknews.kz

29.03.2024, 14:43 190 Оразай Жеңісұлы

Тіл –  қай ұлттың  болмасын тарихы мен  тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің тұғыры.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан тұғырлы тіл саясатының арқасында қоғамда тіл туралы оң көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналып отыр.

Қазақ тілі – халқымыздың  атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған  баға жетпес асыл мұрасы. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Дүниедегі барлық асыл заттар тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.

Тарихта тілінен айырылып, ұлттық белгісін жойып алған халықтар аз емес. Сондықтан да, тіл әуелгі заманнан елдіктің, ұлттық намыстың қорғаны болып келеді.

Ана тілді жеттік меңгеру – бұл жас ұрпақтың ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, орыс тілін білу – бұл оның  қалыптасқан жақсы дәстүрлерімізді жалғастыра беруінің бір шарты, шет тілін үйрену – бұл  оның әлемдік өркениеттен өз жолын таба білуіне апарар жол.

Бірақ, қандай жағдай да болмасын болашақ ұрпақ үшін ең басты міндет өзінің ана тілі, қазақ  тілін құрметтеуі, тереңірек меңгеруі болмақ. Бұл өз халқымызды құрметтеу, елімізді ұлықтау, мемлекетіміздің нығаюына үлес қосу болып табылады.

Десе де бүгінгі таңда қазақтың қазақпен, яғни жастарды қойып, егде тартқан ата-апаларымыздың немерелерімен орыс тілінде шүлдірлеп сөйлескенін көргенде, іштей қынжыласың. Сондықтан да ана тіліміздің қолданыс аясының кеңеюі мемлекетіміздің нығаюының негізі болып табылатынын әрбір азаматтың  естен шығармағаны абзал.  

Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін жан-жақты дамытуға ат салысуы және оның халықаралық беделін арттыруға үлес қосуы қажет.

 

Гульжан Шакирова

Өскемен қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу